Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан «IQanat High School of Burabay» білім беру ұйымына барып, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметі бойынша лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала бақылау жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында ұйымның материалдық-техникалық базасы, кадрлық қамтамасыз етілуі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік шараларының орындалуы, сондай-ақ білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді.
Аталған іс-шаралар лицензиялау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарының қызмет сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып, демалуына жағдай жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1263104?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау