Футзалдан жеңімпаздар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында өтіп жатқан «Жастар – Заң мен тәртіп үшін!» облыстық спорт фестивалі аясында Ж. Үшкемпіров атындағы №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде футзалдан тартысты турнир өтті.

Турнирге облыстың қала-аудандарынан келген командалар қатысып, жоғары ойын өрнегін көрсетті. Әрбір кездесу жанкүйерлердің қызығушылығын арттырып, командалардың ұйымшылдығы мен шеберлігін айқындады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар жеңімпаз және жүлдегер атанып, дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Турнир жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және достық пен командалық рухты нығайтуға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1263103?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version