АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 шілде, бейсенбі

Бүгін аудан әкімі Жанболат Жидеханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген өтініштер мен ұсыныстар жан-жақты тыңдалып, әрбір мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарастырылды. Азаматтардың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және өзге де бағыттардағы сауалдары бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімі барлық өтініштер тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, заң аясында шешім қабылдау және тұрғындардың мәселелерін кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен тиімді кері байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін дер кезінде шешуге бағытталған маңызды жұмыс форматы. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1263102?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version