Астана қаласында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты қабылданған Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жарияланған рақымшылық аясында алғашқы сотталған азамат бостандыққа шықты.
Аталған азамат Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Есіл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған.
Бостандыққа шыққан азамат пробация қызметі қызметкерлеріне өзіне көрсеткен қолдауы, жан-жақты көмегі мен тұрақты сүйемелдеуі үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, пробация қызметкерлерінің кәсіби қолдауы қоғамға қайта бейімделуге, дұрыс өмір жолын таңдауға және заңға бағынатын азамат ретінде өмірін жалғастыруға үлкен ықпал еткен.
Рақымшылық актісі азаматтардың түзелуіне мүмкіндік беруге, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасауға және ізгілік қағидаттарын іске асыруға бағытталған.
Бостандыққа шыққан азаматтың пробация қызметі қызметкерлеріне алғысын білдірген бейнеүндеуін төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1263254?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау