Алматы облысы полиция департаменті қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция департаменті қызметкерлерінінң қатысуымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы Сейдалиевтің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа нормаларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысты енгізілген оң өзгерістер туралы айтылды. Атап айтқанда, еңбек демалысынның берілу тәртібі, мемлекеттік қызмет өтілін есептеу, отбасылық жағдайларға байланысты жұмыстан босату рәсімдері және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктеріне қатысты жаңашылдықтар айтылды.Сонымен қатар, спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы персоналды басқару тетіктеріндегі өзгерістерді түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі жаңашылдықтарды таныстырды.
Полиция департаментінің қызметкерлері кездесу барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар заңнамадағы өзгерістердің практикалық қолданысына қатысты өзара тәжірибе алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1263255?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version