2026 жылғы 22 шілдеде Департамент басшысының орынбасары М.О. Сарсенова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара азаматтарды мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындары туралы хабардар етуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіруге жас мамандарды тартуға бағытталған.
Жәрмеңке барысында қатысушыларға өзектібос орындар, мемлекеттік қызметке кіру шарттары және заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды.
Айта кету керек, 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру гранты бойынша да, ақылы негізде де оқуды аяқтаған жоғары оқу орындарының түлектері үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,33-тен төмен болмаған кезде мемлекеттік қызметке конкурс өткізбей түсе алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1263315?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау