СЖРА мен UNICEF адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Әділ Құсманов Қазақстандағы UNICEF Өкілі Рашед Мұстафа Сарвармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар адами капиталды дамыту, мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік салада ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеуге бағытталған бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Рашед Мұстафа Сарвар Қазақстандағы UNICEF қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, ерте жастағы балаларды дамыту, мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру, халықаралық тәжірибені қолдану, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының адами капиталдың дамуына ықпалын зерттеу саласындағы бастамаларға ерекше назар аударды.

Әділ Құсманов адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, сапалы талдау осы салада тиімді шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ тараптар мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бірлескен зерттеулер жүргізу және практикалық ұсынымдар әзірлеу мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1263324?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version