Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан аумағындағы газ құю және жанармай құю бекеттерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге өрттің алдын алу шаралары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану, өрт сөндіргіштердің жарамдылығын бақылау, эвакуация жолдарын бос ұстау және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Мамандар өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау адам өмірі мен мүлкін қорғаудың маңызды кепілі екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1263073?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау