Ұлан ауданында прокурорлар 600-ден астам педагогтың дербес деректерінің тарап кетуіне жол бермеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО Ұлан ауданының прокуратурасы дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті білім беру ұйымдарының қызметінде заңбұзушылықтарды анықтады.

 

Ауданның мектептері мен балабақшалары міндетті медициналық тексеруден өткізу бойынша қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу порталында жариялау кезінде құжаттамаға өз қызметкерлерінің егжей-тегжейлі тізімдерін қоса тіркегені белгілі болды.

 

Шектеусіз тұлғалар шеңбері үшін ашық қолжетімділікте қызметкерлердің толық анкеттік деректері (ТӘА мен ЖСН), атқаратын лауазымдары, тұрғылықты мекенжайлары және жеке байланыс телефон нөмірлері пайда болған. Бұл құпия ақпараттың таралуына тікелей қауіп төндірді.

 

Аудан прокуратурасы енгізген қадағалау актісінің нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар толығымен жойылды, 611 қызметкердің заңсыз жарияланған мәліметтері көпшілікке ашық қолжетімділіктен өшірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.

 

ШҚО прокуратурасы еске салады: дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу немесе тарату үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1263072?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version