Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар кәсіпкерлік мақсатта жер телімін алу, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу, бос жатқан аумаққа саябақ салу, газ желісіне қосылу және жолға жасанды кедергі (лежачий полицейский) орнату мәселелерін көтерді.

Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.

– Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1261606?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version