Құрметті жолаушылар!
20-23 шілде аралығында газ тасымалдау жүйесінде жоспарлы жөндеу жүргізілуіне және табиғи газ берудің уақытша шектелуіне байланысты қоғамдық көлік қозғалысында уақытша кідірістер орын алуы мүмкін.
Осы кезеңде автобустардың автогаз құю бекеттерінде кезек күтуіне байланысты кейбір бағыттарда қозғалыс кестесінен ауытқулар орын алып, желіге кешігіп шығу жағдайлары тіркелуде.
Қазіргі уақытта төмендегі бағыттарда уақытша кешігулер байқалуда:
№ 5, 10, 15, 17, 21, 26, 34, 52, 66, 75, 113, 133, 138, 158, 182 және 191 бағыттар.
Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1261605?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау