Қала әкімі Ернат Бәзіл Қаратал өзеніндегі су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыстармен танысты
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Қаратал өзенінде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы жұмыстардың барысымен танысты.
2025 жылдан бері Қаратал өзенінде «Үйтас» саяжай қоғамынан «Қаратал» саяжай қоғамына дейінгі аралықта өзен арнасын механикаландырылған тәсілмен тазалау, тереңдету және түзету жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында өзен арнасын тазалау, қорғаныс бөгеттерін қиыршық таспен нығайту және габиондар орнату жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы жобаның бірінші кезеңі бойынша үш учаскеде су тасқынына қарсы жұмыстар толық аяқталды. Ал биыл жұмыстар тағы алты учаскеде жалғасуда.
Атап айтқанда:
* Теміржол көпірінен Перинаталдық орталыққа дейін;
* Перинаталдық орталықтан Н.Назарбаев даңғылындағы көпірге дейін;
* Орман шаруашылығы аумағында;
* «Қызыл тас» саяжай қоғамында;
* №5 учаскеде;
* «Сарыарқа» саяжай қоғамынан «Қаратал» саяжай қоғамына дейінгі аралықта жүргізілуде.
Өзен арнасын бекіту жұмыстары қараша айында аяқтау жоспарланған.
Жобаны «Azia Canal Qurylys» өндірістік кооперативі жүзеге асыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1261604?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау