2026 жылғы 27 шілдеде Ұлытау облысы Әділет департаментінде Департамент басшысы А. Айнабековтың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 шілдеде Ұлытау облысы Әділет департаментінде Департамент басшысы А. Айнабековтың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында Департаменттің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары шығарылды. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары өздерінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жоспарлы іс-шаралардың орындалу барысын және қызмет барысында туындаған өзекті мәселелерді талқылады.
Департамент басшысы берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, атқарушылық тәртіпті күшейту, жұмыс тиімділігін арттыру және белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.
Аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1264385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version