«Алатау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №149 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқару үшін тұрғын үй инспекциясының уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
- Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер
Объектінің мекенжайы: Алатау қ., Жетыген ы.а., Молдагулова к-сі 72;
Пәтерлер саны: 445;
Жалпы ауданы: 33 992 ш.м.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі
Өтінімдер 2026 жылғы «27» шілдеден бастап 2026 жылғы «31» шілдеге дейін (қоса алғанда) қабылданады.
- Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін басқаруға қатысуға өтінім;
2) құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жарғы);
3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және ақпараттық жүйелер арқылы алынған әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер. Құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген анықтама;
4) өз құрамында “Кәсіптік біліктілік туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және кондоминиум объектісін басқару саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаты бар жұмыскерлердің болуы туралы мәліметтер;
5) кондоминиум объектісін басқару саласында жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтердің болуы туралы анықтама.
- Қосымша ақпарат
Авариялық жағдайларға жедел ден қоюды, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жұмыстарын уақтылы орындауды және тұрғындармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, өзге жағдайлар тең болған кезде басымдық Алатау қаласының аумағында тіркелген және (немесе) қызметін жүзеге асыратын, қажетті материалдық-техникалық базасы, білікті мамандары және тұрғындардың өтініштеріне тәулік бойы әрекет ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге берілуі мүмкін.
- Құжаттарды қабылдау орны
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:
Алатау қ., Жетыген ы.а., Құдайбергенова к-сі 2.
Байланыс телефоны: +7 777 966 25 88.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/1264387?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау