Абай облысында «Цифрлық еріктілер» жобасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық волонтерлер жылы мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай Абай облысында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды насихаттауға бағытталған «Цифрлық еріктілер» жобасы басталды.

Жоба аясында волонтерлер тұрғындарға мобильді қосымшаларды, мемлекеттік онлайн платформаларды және өзге де цифрлық сервистерді пайдалану бойынша практикалық көмек көрсетеді. Сонымен қатар халық арасында цифрлық мүмкіндіктерді тиімді қолдану, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Іс-шараға фронт-офистердің төрағалары, еріктілер қозғалысының белсенділері, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер қатысты.

«Цифрлық еріктілер» жобасы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге, азаматтардың цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндіктерін жақсартуға және қоғамдағы цифрлық теңсіздікті төмендетуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1263772?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version