ШҚО полициясының арсеналына 10 жаңа дауыс күшейткіші бар дрон қосылды: алғашқы профилактикалық ұшулар басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полициясының арсеналына 10 жаңа дауыс күшейткіші бар дрон қосылды: алғашқы профилактикалық ұшулар басталды

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне заманауи технологияларды енгізуді жалғастыруда. Полиция бөлімшелерінің қатары толығып, қызметтік міндеттерін орындауға кірісіп кеткен 10 жаңа дауыс күшейткіші бар дрон пайдалануға берілді.

Алғашқы профилактикалық ұшулар базарлар, сауда орындары және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің аумақтарында жүзеге асырылды. Әуеден ұшқышсыз аппараттар дыбыстық үндеулер таратып, азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке мүліктің қауіпсіздігіне мұқият болу және заң талаптарын қатаң ұстану қажеттігін еске салды.

Сонымен қатар, бұл жаңа құрылғылардың мүмкіндіктері бұдан да кең. Дауыс күшейткіші бар дрондар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аулаішілік аумақтар мен адам көп жиналатын орындарды патрульдеу, профилактикалық іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ іздестіру жұмыстары мен жедел жағдайды әуеден бақылау үшін қолданылатын болады.

Ұшқышсыз технологияларды пайдалану ауқымды аумақтарды жедел шолуға, азаматтарға қауіпсіздік шараларын уақтылы жеткізуге және полиция нарядтарының жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті заманауи технологияларды енгізу ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін көтеруге және «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1263773?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version