«Алакөл толқыны» фестивалі: мыңдаған адам демалып жатқанда, полиция тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Алакөл толқыны» фестивалі биылғы жаздың ең ауқымды мәдени іс-шараларының біріне айналып, Алакөл жағалауына 10 мыңнан астам демалушыны, туристі, блогерді және отандық эстрада жұлдыздарын жинады. Қонақтар үшін бұл – көтеріңкі көңіл-күй, әсем әуен мен көптен күткен демалыс. Ал полиция қызметкерлері үшін – әрбір сәті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жауапты қызмет.

Фестиваль басталмай тұрып-ақ тәртіп сақшыларының дайындығы қыза түседі. Жеке құрамға нұсқама өткізіліп, күштер мен құралдар бөлінеді, патрульдеу бағыттары айқындалып, барлық қызметтердің өзара іс-қимылы үйлестіріледі.

Фестиваль барысында полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті, өткізу режимін бақылап, көлік қозғалысын реттеп, кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу және оқиғаларға жедел әрекет ету жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсат – әрбір қонақтың қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасау.

Мыңдаған адам фестивальдің ерекше атмосферасын тамашалап жатқан сәтте, полиция қызметкерлері өз қызметтік орындарында қоғамдық қауіпсіздікті күзетіп тұрды. Осындай көзге көріне бермейтін, бірақ аса маңызды күнделікті еңбек көпшілік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне және Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1264108?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version