Ауыл тұрғындарына жер заңдастыру тәртібі түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Лепсі ауылдық округіндегі «Құқық кабинетінде» ауыл тұрғындарына құқықтық кеңес беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Кезекті қабылдау барысында ауыл тұрғыны жер учаскесін заңдастыру мәселесі бойынша жүгініп, өзіне қажетті толық ақпарат алды.

Кеңес беру барысында жер учаскесін заңдастыру тәртібі, қажетті құжаттар тізімі, өтініш беру жолдары және заңнамада қарастырылған талаптар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғынның қойған сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, жер қатынастары саласындағы құқықтары мен міндеттері туралы түсініктеме ұсынылды.

Мұндай құқықтық түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын дұрыс түсінуге және құжаттарды заң талаптарына сәйкес рәсімдеуге көмектеседі. Алдағы уақытта да «Құқық кабинетінде» тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және түрлі мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстары жалғасатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1263947?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version