Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлы жұмыс сапарымен Қордай ауданына барды.
Сапар барысында басқарма басшысы облыс әкімі бекіткен Жол картасы аясында аудандық шақыру пунктінің жұмысымен танысып, оның жай-күйін, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейін және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының ұйымдастырылу барысын зерделеді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Отар ауылында орналасқан нысандар араланып, қыркүйек айында «Мәтібұлақ» оқу полигонында өтетін «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық жұмыстары қаралды. Осыған байланысты, Басқарма басшысы оқу-жаттығу өткізілетін аумақтарды аралап, нысандардың материалдық-техникалық жабдықталуымен және дайындық деңгейімен танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру, жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейту және облыс әкімі бекіткен Жол картасының сапалы орындалуын қамтамасыз ету бағытында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, тиісті ұсынымдар айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1263923?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау