Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында балаларды сауықтыру лагерінде өткен профилактикалық іс-шараға қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Құтқарушылар балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар арнайы өрт сөндіру-құтқару техникасы мен жабдықтарының мүмкіндіктері таныстырылып, оларды қолдану тәртібі көрсетілді. Бағдарлама аясында өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін жылдам кию бойынша байқау өткізіліп, балалар белсенді түрде қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын сынады.
Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына, құқықтық сауаттылығын арттыруға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1264585?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау