Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара барысында жас балалары бар отбасылардың пәтерлеріне арнайы терезе блокираторлары орнатылды. Бұл құрылғылар балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермейді.
Мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды, терезе маңына жиһаз қоймауды, москит торына сенбеуді және терезелерге қауіпсіздік құрылғыларын орнатуды еске салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1264598?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау