Елордада «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының аумағында 28-30 шілде аралығында республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара жолаушылар мен жүк тасымалы саласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік тәртібін нығайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобустарды, шағын автобустарды, такси қызметін көрсететін автокөліктерді, сондай-ақ жүк тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарын күшейтілген тәртіпте тексереді.
Рейдтік іс-шаралар кезінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы, көлік құралдарының техникалық жай-күйі, міндетті құжаттарының болуы, жолаушыларды заңсыз тасымалдау деректері, еңбек және демалыс режимінің сақталуы, көлік құралдарының заң талаптарына сәйкестігі жан-жақты бақылауға алынады.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатын өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударады.
Сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын тұлғаларды анықтау, лицензиялық талаптардың сақталуын тексеру және қоғамдық көлік жүргізушілерінің көлік тәртібін сақтауына бақылау жүргізіледі.
Астана қаласы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады. Әрбір жүргізушінің тәртіптілігі мен жауапкершілігі – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі. Жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1264536?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version