Елордаға келген туристерге – ерекше көңіл мен нақты көмек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанаға келген шетелдік туристердің елордадағы сапарын жайлы әрі қауіпсіз өткізуіне туристік полиция қызметкерлері жан-жақты қолдау көрсетуде.
Нигериядан келген туристке туристік полиция инспекторы Жеңіс Өнербек ағылшын тілінде толық ақпарат беріп, елорданың ең көрікті әрі маңызды нысандарын таныстырды. Қонақтарға қала ішінде еркін бағдар табу үшін қажетті бағыт-бағдар көрсетіліп, туристік маршрут картасы ұсынылды.
Сонымен қатар, туристердің сапарын жеңілдету мақсатында байланыста болу үшін арнайы SIM-карталар табысталды.
Айта кетейік, бұл көмек бір ғана туристпен шектелмейді. Туристік полиция қызметкерлері елордаға келген шетелдік қонақтарға тұрақты түрде қолдау көрсетіп, оларға туристік маршрут карталарын ұсынады және байланыста болу үшін SIM-карталар береді.
Мұндай қарапайым, бірақ маңызды қолдау туристердің Астанаға деген алғашқы әсерін қалыптастырып, елордада өзін еркін әрі қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік береді.
Туристік полицияның басты мақсаты – шетелдік қонақтарға тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету ғана емес, елорданы танып-білуіне, қалада еркін қозғалуына және сапарын жайлы өткізуіне нақты көмек көрсету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1264535?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version