Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің ғимаратында алкоголь өнімдерін өткізумен айналысатын сауда объектілерінің иелерімен кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында алкоголь өнімдерін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының талаптары қаралды.
Кеңес барысында алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, алкоголь өнімдерін өткізудің белгіленген қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
Осындай кездесулерді өткізу кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-op/press/news/details/1264836?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау