Шымкентте жүргізуші куәлігінен айырылған қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан қоғамдық көлік басқарған жүргізуші анықталды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізетінін ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің заң талаптарын сақтауынан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1264857?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version