Интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мекеме қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, «Интернет-алаяқтықтан сақтану жөніндегі жадынама» таратылды.
Түсіндіру барысында тұрғындарға жеке банктік деректерді (банк картасының нөмірі, CVV-коды, SMS арқылы келетін бір реттік растау кодтары және парольдер) ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға бермеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, өзін банк қызметкері немесе құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстыратын күмәнді қоңырауларға сенбеу, белгісіз интернет-сілтемелерге өтпеу, күмәнді қосымшаларды жүктемеу және тек сенімді интернет-ресурстарды пайдалану жөнінде кеңестер берілді.
Сондай-ақ, интернет-алаяқтық белгілері анықталған жағдайда немесе күмәнді қаржылық операциялар орын алса, азаматтарға дереу қызмет көрсетуші банкке хабарласып, банк картасын бұғаттау, сондай-ақ құқық қорғау органдарына уақытылы арыздану тәртібі түсіндірілді. Уақытылы хабарлау қаржылық шығынның алдын алуға және алаяқтардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуға мүмкіндік беретіні айтылды.
Құрметті тұрғындар! Қырағы болыңыздар! Жеке деректеріңізді қорғап, күмәнді қоңыраулар мен интернет-сілтемелерге сақтықпен қараңыздар. Интернеттегі қауіпсіздік – өз қолыңызда!
Аманкелді а/о әкімдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1265558?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау