Шымкент қаласында уран өндіруші кәсіпорындардың өкілдерімен жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Ғ.Е. Серғазин жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барып, уран өндіруші кәсіпорындардың басшылары және өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыбы атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған жуырда қабылданған заңнамалық өзгерістерді іске асыру мәселелері болды.

Кездесу барысында заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері, атом энергиясын пайдалану және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу салаларындағы талаптарды күшейту, сондай-ақ мемлекеттік реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, жаңа нормаларды практикалық тұрғыдан қолдану және оларды уран өндіру саласы кәсіпорындарының қызметіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде кәсіпорын өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Жұмыс сапары аясында Агенттік Төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясының жаңадан тағайындалған басшысын таныстырды. Инспекцияның қызметі атом энергиясын пайдалану және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу салаларындағы заңнама талаптарының сақталуына тиімді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге бағытталатыны атап өтілді.

Осындай кездесулерді өткізу Агенттіктің сала субъектілерімен ашық диалогты қамтамасыз ету, заңнамадағы өзгерістерді уақтылы түсіндіру және оларды практикада қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру жөніндегі жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасында ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1265559?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version