Семинарды Департамент басшысының орынбасары Матаева Қарлығаш Болатбаевна ашып, әкімшілік іс жүргізу барысында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Турикпенбаева А.Ш. баяндама жасап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау кезінде процестік нормаларды сақтау, әкімшілік іс жүргізудің құқықтық негіздері мен негізгі қағидаттары, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын дұрыс қолдану мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, тәжірибеде туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1265560?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау