2026 жылғы 28 шілдеде Департамент басшысы А.Е. Мекебаева 2026 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Кеңеске Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.М. Мирманов, сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарының басшылары мен ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия) төрағалары қатысты.
А.Е. Мекебаева Қостанай облысындағы 2026 жылдың 1-жартыжылдығы майыптылықтың (мүгедектіктің) жай-күйі туралы баяндама жасады.
Кеңес барысында медико-әлеуметтік сараптамаға уақтылы әрі негізді жолдау, жолдама медициналық құжаттамасын ресімдеу сапасы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше механизмін енгізу жөніндегі пилоттық жобаның негізгі аспектілері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері қаралды.
Шара қорытындысы бойынша орын алған мәселелерді жою және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен шаралар талқыланып, айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1265517?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау