Тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 шілдеде Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Натали» кафесінің қызметкерлеріне тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында өндірістік бақылауды ұйымдастыру, тағам өнімдерін сақтау және дайындау талаптары, персоналдың жеке гигиенасы, міндетті медициналық тексерулерден өту және тағам өнімдерімен қауіпсіз жұмыс істеу қағидалары түсіндірілді. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары таныстырылып, профилактика бойынша ұсынымдар берілді. Семинар соңында сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1265518?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version