Елімізде жыл сайын шілденің төртінші жексенбісінде сауда қызметкерлері күні аталып өтеді. Мерекеге орай, Ақтөбе облысының 2026 жылдың І жартыжылдығындағы сауда саласының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз.
Есепті кезеңде өңірдің жалпы сауда көлемі 1 296,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,9%-ке жетті.
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы сауда көлемі 207,1 млрд теңгеге артқан. Оның ішінде көтерме сауда көлемі 855,1 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,8%, бөлшек сауда көлемі 436,5 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 104,4% болды.
Сауда құрылымында мұнай өнімдері, хром кендері, автомобильдер, тамақ өнімдері және жанар-жағармай негізгі үлесті иеленеді. Сонымен қатар, бөлшек саудада азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша да оң өсім сақталды.
Сауда саласы өңір экономикасының маңызды драйверлерінің бірі ретінде халықты қажетті тауарлармен тұрақты қамтамасыз етіп, кәсіпкерліктің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз үлесін қосуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1265798?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау