Бас прокуратурамен өткен жылдың сәуір айынан бастап «Антиколл-орталық» жобасын іске асыру басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы жоба аясында бүгінгі күнге дейін 1,5 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды. Шетелде орналасқан 12 колл-орталық тұрақты бақылауда.

Қоңырауларды бұғаттаумен қатар, жүйе алаяқтар хабарласқан азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда қаскөйлер азаматтармен мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы байланысуды жалғастыруда.  

Осыған байланысты прокурорлар Антиколл-орталықтан ақпарат алып, мұндай азаматтармен байланысып, оларды алаяқтық тәуекелдері туралы алдын ала ескерте бастады.

Бүгінгі күнге дейін 114 несиені ресімдеудің алдын алу қамтамасыз етілді, олардың жалпы сомасы 251 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта жүйеге барлық байланыс операторлары қосылуда (бұған дейін жоба тек Қазақтелеком желісін қамтыған болатын, барлық операторлар қосылғаннан кейін алаяқтық телеком-трафиктің 100%-ын қамту көзделіп отыр).

Жобаны іске асыру соңғы 3 жылда алғаш рет интернет-алаяқтықтың өсуінің теріс үрдісін өзгертуге мүмкіндік берді (11%-ға төмендеу, 12 390-нан 11 065-ке дейін).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1265983?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version