Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін тазқараның балапаны кадрға түсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары табиғатты қорғау іс-шаралары барысында сирек кездесетін жыртқыш құс – тазқараның (Aegypius monachus) ұясындағы балапанды бейнекадрға түсірді.

Тазқара – табиғаттағы санитар қызметін атқаратын, экожүйенің табиғи тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқаратын ірі жыртқыш құс. Ол негізінен таулы және жартасты өңірлерде ұялап, әр маусымда көбіне бір ғана балапан өсіреді.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мемлекеттік инспекторлар сирек кездесетін жануарлар мен құстарға тұрақты мониторинг жүргізіп, олардың табиғи мекендеу ортасын қорғауға ерекше көңіл бөледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1265984?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version