Көлік полицейлері Қарағандыда 800 грамға жуық мефедрон тәркіледі: күдікті 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Мәселен, 2026 жылдың сәуір айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері, «Қарағанды-Жолаушылар – Майқұдық» теміржол аралығындағы жол бойында заңсыз есірткі сақтады деген күдікпен 33-жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Рамазан Теміржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұсталған азаматты жеке тінту барысында ішінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 281 полиэтилен орамы табылып, тәркіленген.

«Сот-сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 783 грамм болатын синтетикалық есірткі құралы – мефедрон болып шықты», – деді полиция полковнигі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктінің кінәсі толық дәлелденді.

«Биылғы жылдың шілде айында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», – деп толықтырды ол.

 

Көліктегі ПД-да есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес қызметтің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Жыл басынан бері көлік полицейлері 243 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның ішінде есірткі өткізудің 44 фактісі, контрабанданың 19 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 4 фактісі және ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне қатысты 2 факт тіркелді.

Заңсыз айналымнан барлығы 225 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1266245?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version