Медицина ұйымдарының басшыларымен талдау сағаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медицина ұйымдарының басшыларымен талдау сағаты өтті

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің төрағалығымен 2026 жылдың алғашқы 6 айындағы денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс қорытындыларына арналған кеңесте С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Әділет Сәдібеков 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірдің денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі индикаторлар мен қызмет көрсеткіштеріне жүргізілген аналитикалық мониторинг нәтижелерін таныстырды.

Жиынға қатысушылар мониторинг қорытындыларын талқылап, қол жеткізілген нәтижелерге талдау жасап, өзекті мәселелерді қарастырды және алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарын айқындады.

Күн тәртібіндегі жеке мәселелердің бірі – Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық болды. Кездесу соңында медицина ұйымдарының басшыларына қызмет тиімділігін арттыруға және облыстың денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1266015?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version