Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 шілдеде мынадай күн тәртібіменен Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті:

  1. Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың «Федоров ауданның 2026 жылдың 6 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есеп беруі.

ҚК мүшелеріне аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері бойынша деректер жеткізілді. Бюджеттің кіріс бөлігі 112,7%-ға, шығыс бөлігі 100%-ға орындалды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 311 млн.теңгеге жоғары.

Ауыл шаруашылығы өнімі нақты көлемінің индексі 117,9% деңгейінде белгіленді.

Ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемінің өсуі қамтамасыз етілуде: өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда ет 107,9%-ға, сүт 27,2%-ға, жұмыртқа 101,2%-ға.

ЖШҚ-ның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ауданда сүт бағытындағы 7 АӨК және ет бағытындағы 5 АӨК жұмыс істейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға мал қорымдарын салуға 122,5 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді, 9 үлгілік модульдік ветеринариялық пункт орнатылуда.

Инвестициялық жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру жүріп жатыр. Ірі жобаларды іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде: құс фабрикасының құрылысы, 400 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасы, 1000 басқа арналған бордақылау алаңы және өсімдік майын өндіретін зауыттың жабдықтарын жаңарту.

Дәнді және бұршақты дақылдар 275 мың гектар алқапқа орналастырылды, майлы дақылдар көлемі ұлғайды, минералды тыңайтқыштар қолданылады, элиталық тұқымдар, техника сатып алынады.

Бөлшек сауда көлемі 3,2 млрд. теңгені құрайды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 546 млн.теңгеге немесе 110,1%-ға артық.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,6 млрд. теңгені құрайды.

Ауданда сумен жабдықтау мәселесі шешіліп, газбен қамту 7 ауылға жетті, бұл 36,3%-ды құрайды. Мобильді байланыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ауданның 8 ауылында антенна-діңгек құрылыстарын салу көзделген.

Жолдардың жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлінеді.

Азаматтардың өмір сүру деңгейіне тиісті көңіл бөлініп, 517 адам жұмыспен қамтылды.

Халыққа медициналық көмекті 35 емдеу-профилактикалық мекеме көрсетеді.

Ауданның білім беру желісі 32 мекемеден тұрады. Мектепке дейінгі ұйымдарда 698 бала тәрбиеленуде. Балаларды жұмыспен, демалыспен және сауықтырумен қамту 100% қамтамасыз етілген.

Бағдарламаға сәйкес әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мәдени-бұқаралық жұмысты 37 мекеме, 88 спорт құрылғылары жүргізеді.

Ауданда абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. «Үздік аула», «Ұрпақтар мұрасы» байқаулары жарияланды. «Жасыл ел» жасағы жұмыс істейді. 

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1265887?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version