Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері табиғат аясында демалушылар арасында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Азаматтарға отты арнайы орындарда жағу, табиғатты ластамау, тек рұқсат етілген жерлерде шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау және мас күйде суға түспеу қажеттігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1265886?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау