ШҚО әкімі «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жакеевпен кездесті. Соның барысында поштаның қызмет көрсету сапасын арттыру, цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Бүгінде «Қазпошта» АҚ-да республика бойынша 15 мың адам жұмыс істеп, 2,5 мың көлік жұмылдырылған. Компания қызметтері мен мүмкіндіктері заманға сай өзгеруде. Шығыс Қазақстанда жалпы саны 89 бөлімше бар. Оның 57-сі ауылдарда орналасқан.

Кездесуде қоғамдық көліктерді субсидиялауға арналған цифрлық шешімдерді енгізу қарастырылды. Бұл субсидия берудің ашықтығын арттыруға, деректерді өңдеуді жеделдетуге және процестің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ компания өкілдері Шығыс Қазақстан облысының жобаларын «жасыл дәліз» қағидаты бойынша сүйемелдеп, бірлескен бастамаларды әзірлеуге дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек, «Қазпошта» АҚ-мен бірлесе отырып, өңірдегі 59 ауылды интернетке қосу мәселесі көтерілді.

Кездесу соңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әр ұсыныс жіті қарастырылып, жобалардың жан-жақты талданатынын жеткізді. Қос тарап бірлескен жобаларды іске асыруға және одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1266335?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version