Алматы қаласы ПД бастығы Медеу ауданында жұмыс сапарымен болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов Медеу аудандық полиция басқармасының басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді.

     Кеңес барысында жедел ахуал, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу тиімділігін арттыру, сондай-ақ “Заң және тәртіп” қағидатын одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды. 

     Кеңестен кейін департамент бастығы ауданның адам көп шоғырланатын аумақтарын аралап шықты. Ерекше назар күн сайын мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары келетін Орталық колхоз базарының (Жасыл базар) аумағына аударылды.

     Тексеру барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көші-қон бақылауын жүзеге асыру, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қадағалау, іргелес аумақтағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз сауданың жолын кесу, сондай-ақ “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау мәселелері зерделенді.

     Бөлімше басшыларына профилактикалық жұмысты күшейту, жедел жағдайды тұрақты бақылауда ұстау және заң бұзушылықтарға дер кезінде әрекет ету тапсырылды.

– Полиция халық көп жүретін жерлерде қызмет етуі тиіс. Осындай жұмыс сапарлары жергілікті жердегі ахуалды объективті бағалауға, өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңның мүлтіксіз сақталуын бақылау және кез келген құқық бұзушылыққа дер кезінде ден қою, – деді Айдын Кабдулдинов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1266802?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version