Алматы облысы Қонаев қаласы мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Қонаев қаласының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар қалыптасқан.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар 16 тамызға дейін, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 18 тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер қосымша 4;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 18 тамызға дейін дүйсенбі – жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қонаев қаласының мәслихаты
Қонаев қаласы мәслихаты төрағасының м.а. – А.Ғ. Ракишева.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй.
Жауапты адам – Мейіргүл Жолдасбайқызы Аметова, № 311 каб., қалааралық телефон коды (872772), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 41283, 87084593713, электрондық пошта мекенжайы – qonaev.maslikhat@mail.ru.
Қалалық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды:
|
№ |
Сайлау комиссиясының атауы |
Сайлау комиссиясы орналасқан объектінің атауы |
Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы |
Бос орындар саны |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
||||
|
1. |
№937 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Искорка» балабақшасы |
Қонаев қаласы, 2-шағынаудан |
1 |
|
2. |
№940 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп |
Қонаев қаласы, Октябрь көшесі, №24 |
1 |
|
3. |
№943 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС |
Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, №28/1 |
1 |
|
4. |
№948 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Балалар шығармашылығы және жазғы демалыс орталығы |
Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, № 25 |
1 |
|
5. |
№949 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қонаев қаласының мәдениет үйі |
Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, №13 |
2 |
|
6. |
№951 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қазақ мектеп-лицейі |
Қонаев қаласы, 10-шағынаудан |
2 |
|
7. |
№952 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп |
Қонаев қаласы, 5-шағынаудан |
1 |
|
8. |
№957 учаскелік сайлау комиссиясы |
К.Жалайыри атындағы №6 орта мектеп |
Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, №10 |
1 |
|
9. |
№958 учаскелік сайлау комиссиясы |
Кербұлақ ауылының №7 орта мектебі |
Кербұлақ ауылы |
1 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1266801?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау