А.ж. 24 шілдесінде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Атырау облыстық Департаментінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге қатысты.
Шара барысында Департамент басшысы Нұрлан Еркебаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның негізгі талаптарына тоқталып, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібіндегі өзгерістерді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік қызметшілердің моральдік жауапкершілігі, ар-намысы және қоғамдағы мінез-құлқы және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңашылдықтарды кеңінен түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1266366?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау