ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША….

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 13 шілде күні Атырау қаласының тұрғындары В.М. және Н.М. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдоловқа көршілеріне қатысты бірнеше жылдан брі шешілмей жүрген жер дауы бойынша өтініш білдірген еді.

Мәселенің мән-жайын мұқият тыңдап алған соң, А.Абдолов ерлі-зайыптыларға жер қатынастары туралы заңдылықтың нормаларын түсіндіріп, жергілікті сәулет және жер қатынастары бөліміне арыз жолдау қажеттігі туралы ұсыныс берді.

Жер мәселесі, анығын айтсақ, автомобиль жолдарын салу мәселесіне қатысты Атырау облысына белгілі тұлға, «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы болған Залимхан Зубареев ақсақал да Адам құқықтары жөніндегі өкілге өтініш білдірген болатын.

Бұл жолы Амангелді Абдолов, Сараптама кеңесінің төрағасы Мұрат Утешевпен бірге арнайы қабылдау өткізді. Отырысқа Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Әсет Уразғалиев шақырылып, ақсақалдың арызында көрсетілген проблемалар талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1266368?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version