Мерейтой аясында “Ғасыр саңлағы” драмасы қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров мерейтойы аясында туған жері Қарқаралыда ерекше құрметке бөленуде.

Бүгін Атығай Шанин атындағы халық театры мерейтойлық шараға арнайы келген қонақтарға «Ғасыр саңлағы» драмасын ұсынды.

Қойылымды тамашалаған қонақтардың қатарында елге белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері болды.

Сахналық қойылымда халқымыздың біртуар перзенті Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы, ғарышқа сапары, ел алдындағы ерен еңбегі мен тарихи тұлғасы көркем тілмен әсерлі бейнеленді.

Атығай Шанин атындағы халық театры ұжымының өнеріне көрермен қауым жоғары бағасын беріп, қойылымды ықыласпен тамашалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1267113?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version