Семейде өткен Sarap сарапшылар клубының отырысында өңірлердің сайлау үдерісіндегі рөлі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған Sarap сарапшылар клубының өңірлік отырысы өтті. Жиынға сарапшылар қауымдастығы, ғылыми орта, азаматтық қоғам және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында өңірлердің сайлау үдерісіндегі орны, қоғамдық-саяси күн тәртібінің қалыптасу ерекшеліктері, саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының арасындағы байланыс, сондай-ақ қоғамдағы ахуал мен азаматтық белсенділік деңгейін көрсететін әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері талқыланды.

Жиын қорытындысында қатысушылар сайлау үдерісінде өңірлердің маңызы артып келе жатқанын айтып, сарапшылар, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге азаматтардың сайлау үдерісіне қатысу тетіктерін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс ортаға салынды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1267116?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version