«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге арналған форумға қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер түсіндірілді. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және мемлекеттік органдарға азаматтардың сенімін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қатысушыларға мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерді тестілеудің жаңартылған жүйесі таныстырылды.
Форум соңында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1266712?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version