Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ САЛЫҚ БЕРЕШЕГІ БАР 700-ДЕН АСТАМ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРГЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ
Түркістан облысында рақымшылық туралы заңды іске асыру аясында өңірдегі 738 жеке кәсіпкердің қарызы кешіріледі. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Нұрсұлтан Адамқұлов баяндады.
«Рақымшылық шараларын қолдану кезінде салық салу нысандарын жасыру, салықтық есептілікте жалған мәліметтер беру, салықтарды төлеуден жалтару және салық міндеттемелерін орындау талаптарын бұзу деректеріне ерекше назар аударылады. Мемлекеттік кірістер органдары негізінен салық, кеден және валюталық заңнамаларды бұзу, бақылау-касса машиналарын пайдалану талаптарын сақтамау, электрондық шот-фактуралар бойынша міндеттердің орындалмауы, тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің талаптарын бұзу, лицензиялау және рұқсат беру саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік өндірісті жүзеге асырады. Сондай-ақ, жаңа заң талаптарына сәйкес бақылау кассалық апараттарға қатысты заң талаптарын бұзған кәсіпкерлерге алғашында ескерту беріледі. Егер белгіленген заң талаптарын қайта бұзған жағдайда жеке тұлғаларға 15 АЕК, ал жеке кәсіпкерлерге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі таңда салық есептілігінің жекелеген түрлері автоматтандырылған тәртіппен ұсынылады. Әкімшілік іс жүргізу барысында лауазымды тұлғалар дәлелдемелерді жан-жақты әрі объективті зерттеп, оларды заң талаптарына сәйкес бағалауға міндетті. Әкімшілік жазаларды орындау заңды күшіне енген қаулы негізінде жүзеге асырылады. Белгіленген мерзімде төленбеген әкімшілік айыппұллар заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі»-деп баяндады сала маманы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НАЛОГОВУЮ АМНИСТИЮ ПОЛУЧАТ БОЛЕЕ 700 ИНДИВИДУАЛЬНЫХ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ
В Туркестанской области в рамках реализации закона о налоговой амнистии будут списаны задолженности 738 индивидуальных предпринимателей. Об этом на брифинге сообщил руководитель управления правового обеспечения Департамента государственных доходов по Туркестанской области Нурсултан Адамкулов.
По его словам, при применении налоговой амнистии особое внимание уделяется фактам сокрытия объектов налогообложения, представления недостоверной налоговой отчетности, уклонения от уплаты налогов и иных нарушений налогового законодательства.
Органы государственных доходов рассматривают административные дела, связанные с нарушением налогового, таможенного и валютного законодательства, несоблюдением правил использования контрольно-кассовых машин, неисполнением требований по электронным счетам-фактурам, нарушением правил маркировки и прослеживаемости товаров, а также законодательства в сфере лицензирования и разрешительной деятельности.
Согласно новым требованиям законодательства, за первое нарушение правил применения контрольно-кассовых машин предпринимателям выносится предупреждение. При повторном нарушении предусмотрен штраф: для физических лиц — 15 МРП, для индивидуальных предпринимателей — 30 МРП.
В настоящее время отдельные виды налоговой отчетности представляются в автоматизированном режиме. При рассмотрении административных дел должностные лица обязаны всесторонне и объективно исследовать доказательства и оценивать их в соответствии с требованиями закона.
Исполнение административных взысканий осуществляется на основании вступившего в законную силу постановления. Если штраф не уплачен в установленный срок, он взыскивается в принудительном порядке в соответствии с законодательством.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1266711?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version