Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар үшін жалдау мерзімін уақтылы ұзарту – жер қатынастары саласындағы маңызды мемлекеттік қызметтердің бірі. Бұл қызмет жер пайдаланушылардың құқықтарын заң талаптарына сәйкес жалғастыруға мүмкіндік береді.
Аталған мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі. Заңның 5-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілетін қызметті алушыларға тең қолжетімділік, заңдылық, ашықтық және сапа қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен реттеледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жер пайдаланушы белгіленген нысандағы өтінішті жергілікті атқарушы органға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бере алады. Өтініш заңнамада белгіленген құжаттармен бірге ұсынылады.
Өтінішті қарау барысында жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуы, жалдау шарты талаптарының орындалуы және жер заңнамасының сақталуы тексеріледі. Заң талаптары орындалған жағдайда жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданады.
Жер пайдаланушыларға жалдау мерзімінің аяқталуын күтпей, мемлекеттік қызметке алдын ала жүгіну ұсынылады. Бұл жер пайдалану құқығының үздіксіз сақталуына және құқықтық рәсімдердің уақытылы орындалуына мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/1265976?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау