Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова ЕҚЫҰ ДИАҚБ кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшысы, Елші Винсент Пикемен кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың сақталуы, сайлау құқықтарын қорғаудағы ұлттық институттардың рөлі және халықаралық байқау миссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарының сақталуы және демократиялық үдерістерді дамыту мәселелері бойынша алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты жалғастыруға және ақпарат алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1265977?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау