Балалардың жазғы демалыс орындарындағы қауіпсіздік мәселелері зерделенді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің «Балауса» балалар сауықтыру лагері» МКҚК-де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Данияр Файзуллаұлы Ебелекбаев пен Жамбыл облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Орайұлы Бағжанов қатысты.

Зерделеу барысында лагерьдегі балалардың қауіпсіздігі, жүзу бассейнін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы, күн тәртібінің ұйымдастырылуы, медициналық қызметтің жұмысы, санитариялық талаптардың орындалуы және балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру мәселелері қаралды.

«Балауса» балалар сауықтыру лагері типтік жоба бойынша салынған, жобалық сыйымдылығы – 300 орын.

 2026 жылғы жазғы сауықтыру маусымында лагерьде 5 ауысым ұйымдастыру жоспарланған.

Зерделеу қорытындысы бойынша лагерь әкімшілігіне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, күн тәртібінің сақталуын тұрақты бақылау және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/childrenrights-zhambyl/press/news/details/1267121?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version