Орал қаласында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының төртінші жарыс күні өтті. Жарыс бағдарламасының қорытынды кезеңі – «Жауынгерлік қанат жаю» сайысында спортшылар жоғары дайындық деңгейін, жылдамдықтарын, ұйымшылдықтарын және біртұтас команда ретінде әрекет ете білетіндіктерін көрсетті.
«Жауынгерлік қанат жаю» – өрт сөндіру-құтқару спортының ең күрделі әрі көрермен қызығушылығын тудыратын командалық дисциплиналарының бірі. Ол өртті сөндіру кезіндегі бөлімшелердің нақты іс-қимылдарына барынша жақындатылған. Белгі берілген сәттен бастап спортшылар өрт сөндіру жеңқұбырларын жедел төсеп, өрт-техникалық жабдықтарды қосып, су беруді қамтамасыз етіп, нысаналарды дәл көздейді. Нәтиже әрбір кезеңді орындау жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар бүкіл команданың мінсіз үйлесімді жұмысына байланысты. Болмашы қателік немесе өзара үйлесімсіздік бағалы секундтардың жоғалуына және қорытынды нәтижеге әсер етуі мүмкін.
Барлық жарыс барысында командалар жоғары шеберлік пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Жүлделі орындар үшін тартыс өте тартысты өтіп, жеңімпаздарды секундтың жүзден бір бөліктері ғана ажыратты.
«Жауынгерлік қанат жаю» дисциплинасының қорытынды нәтижелері:
1 орын – Ақтөбе облысы – 20,92 сек.
2 орын – Астана қаласы – 21,13 сек.
3 орын – Батыс Қазақстан облысы – 21,13 сек.
Алда чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Онда жарыстың жалпы қорытындылары шығарылып, ҚР ТЖМ жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының үздік командалары марапатталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1267161?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау